Құрылғы күтімі
Құрылғыны, батареяны, зарядтағышты және көмекші
құралдарды ұқыптап ұстаңыз. Төмендегі ұсыныстар
кепілдігіңіздің күшін сақтауға көмектеседі.
•
Құрылғыны су тигізбеңіз. Жауын-шашынның,
ылғалдың және сұйықтардың құрамында
электрондық тізбектердің тот басуына себепші
болатын минералдар болуы мүмкін. Егер
құрылғыңыз дымқылданып кетсе, батареяны
шығарып алып, құрылғыны құрғатыңыз.
•
Құрылғыны шаң немесе лас жерлерде
пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз. Қозғалмалы
бөліктері мен электрондық бөлшектері зақымдануы
мүмкін.
•
Құрылғыны жоғары температурада сақтамаңыз.
Жоғары температура құрылғының қызмет мерзімін
қысқартып, батареяларды зақымдауы және
пластик бөліктерінің қалпын бұзуы немесе
балқытып жіберуі мүмкін.
•
Құрылғыны суық температурада сақтамаңыз.
Құрылғы қалыпты температураға дейін
жылығанда, оның ішінде ылғал пайда болып,
электрондық тізбек тақталарын зақымдауы мүмкін.
•
Құрылғы пайдаланушы нұсқаулығында
көрсетілгеннен басқа жолдармен ашуға болмайды.
•
Рұқсат берілмеген өзгерістер құрылғыны
зақымдап, радио құрылғыларды реттейтін
ережелерді бұзуы мүмкін.
•
Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы
болмаңыз. Ұқыпсыз пайдаланудан ішкі тізбек
тақталары мен механизмдер зақымдануы мүмкін.
•
Құрылғының бетін тазалау үшін тек жұмсақ, таза,
құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
•
Құрылғыны боямаңыз. Бояу қозғалатын
бөлшектерінің қозғалысын қиындатып, дұрыс
жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін.
•
Құрылғы жақсы жұмыс істеуі үшін, мезгіл-мезгіл
құрылғыны өшіріп, батареяны алып тұрыңыз.
•
Құрылғыңызды магниттерден немесе магнит
өрістерінен алыс сақтаңыз.
•
Маңызды деректерді қауіпсіз сақтау үшін, оны
құрылғы, жад картасы немесе компьютер сияқты
кемінде екі бөлек жерде сақтаңыз немесе маңызды
ақпаратты қағазға жазып қойыңыз.