
Құрылғыны зиянды мазмұннан қорғау
Құрылғыңыз вирус және басқа зиянды
мазмұнның шабуылына ұшырауы
мүмкін. Төмендегі сақтық шараларын
орындаңыз:
•
Хабарларды ашқанда сақ
болыңыз. Олардың құрамында
Хабар алмасу
17
© 2011 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

зиянды бағдарламалар немесе
құрылғыңызды немесе
компьютеріңізді зақымдайтын
басқа да зиянды нәрселер болуы
мүмкін.
•
Байланыс сұрауларын алғанда,
интернетті шолғанда немесе
мазмұнды жүктеп алғанда сақ
болыңыз. Сенімсіз көздерден
Bluetooth байланыстарын
қабылдамаңыз.
•
Тек сенімді және жеткілікті
қауіпсіздік пен қорғау мүмкіндігін
ұсынатын көздерден алынған
қызметтер мен бағдарламаларды
орнатып, пайдаланыңыз.
•
Құрылғыңызға және кез келген
қосылған компьютерге вирусқа
қарсы және қауіпсіздікті
қамтамасыз ету бағдарламаларын
орнатыңыз. Бір уақытта тек бір
антивирустық қолданбаны
пайдаланыңыз. Бірнешеуін
қолдану құрылғының және/немесе
компьютердің өнімділігі мен
жұмысына әсер етуі мүмкін.
•
Егер үшінші тараптардың алдын
ала орнатылған бетбелгілері мен
сілтемелерін пайдалансаңыз,
тиісті сақтық шараларын
қолданыңыз. Nokia мұндай
тораптарды мақұлдамайды және
олар үшін жауап бермейді.