
WLAN байланысу мүмкіндігі
Интернетке қосылу үшін сымсыз
жергілікті желіні (WLAN) пайдалануға
болады. Қол жетімді желілерді іздеуге
және оларға қосылуға, қажетті
желілерді сақтауға және басқаруға
және байланыс параметрлерін
өзгертуге болады.
Құрылғыңыз автоматты WLAN қатынас
нүктесінің аутентификациясын
қолдайды және интернетке қосылу
үшін осындай аутентификация түрі
қажет болғанда, мысалы, қоғамдық
орындарда, автоматты түрде табады.
Батарея қуатын үнемдеу үшін,
пайдаланбаған кезде WLAN
байланысын жабыңыз. Егер WLAN
байланысы шамамен 5 минут
пайдаланылмаса, ол автоматты түрде
жабылады.
Bluetooth функциясын ажырату WLAN
байланысының тұрақтылығын
жақсартуы мүмкін.
Сымсыз LAN қолдану мүмкіндігі
батарея қуатына талаптарды
арттырады және батареяның қызмет
ету уақытын қысқартады.
Ескерім: Сымсыз жергілікті желілер
кейбір елдерде шектеулі түрде
қолданылуы мүмкін. Мысалы,
Францияда сымсыз жергілікті
желілерді тек ғимараттар ішінде ғана
пайдалануға болады. Қосымша
ақпарат алу үшін жергілікті
мекемелермен хабарласыңыз.
Параметрлер
27
© 2011 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.