
SIM картасы мен батареяны салу
Қауіпсіз шығарып алу. Батареяны
шешіп аларда әрқашан құрылғыны
өшіріп, зарядтағышты ажыратыңыз.
Маңызды: Бұл құрылғыда mini-UICC
SIM картасын (micro-SI картасы деп те
аталады), адаптер салынған micro-SIM
картасын немесе mini-UICC ұясы бар
(суретті қараңыз) SIM картасын
пайдаланбаңыз. Шағын SIM картасы
қалыпты SIM картасынан кішірек
болады. Бұл құрылғы шағын SIM
картасының пайдаланылуына қолдау
көрсетпейді, ал үйлеспейтін SIM
картасын қолдану картаны немесе
құрылғыны зақымдап, онда сақталған
деректерге нұқсан келтіруі мүмкін.
SIM картасы мен оның контактілері
тырналса немесе иілсе, олар оңай
бүлінеді, сондықтан, картаны
ұстағанда, салғанда немесе
шығарғанда абайлаңыз.
1 Артқы қақпақты босату түймелерін
басып, артқы қақпақты шығарып
алыңыз (1, 2). Батареяны алыңыз
(3).
Жұмысты бастау
7
© 2011 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

2 SIM картасының контакт бетінің
төмен қарап тұрғанын тексеріп,
SIM картасын SIM картасы
ұстағышына салыңыз (4, 5, 6).
3 Батарея мен артқы қақпағын
орнына салыңыз (7, 8, 9).