
Қатынас кодтары
Қауіпсіздік коды құрылғыны рұқсатсыз
пайдаланудан сақтауға көмектеседі.
Кодты жасап өзгертуге және
құрылғыны код сұрайтын етіп орнатуға
болады. Кодты құпиялы түрде және
құрылғыдан бөлек қауіпсіз жерде
сақтаңыз. Егер кодты ұмытсаңыз және
құрылғы кілттелген болса, құрылғыға
қызмет көрсету қажет. Қосымша тариф
қолданылуы мүмкін және құрылғыдағы
барлық жеке деректер жойылуы
мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін
Nokia Care қызмет көрсету орталығына
немесе құрылғыңыз сатушысына
хабарласыңыз.
SIM картамен бірге берілетін PIN код
картаның рұқсатсыз
пайдаланылуынан қорғайды. SIM
карталармен бірге берілетін PIN2 код
белгілі бір қызметтерге кіруге қажет
болады. Егер PIN немесе PIN2 кодын
үш рет қатар қате енгізсеңіз, сізден
PUK немесе PUK2 коды сұралады.
Егер бұл кодтарыңыз болмаса, қызмет
провайдеріне хабарласыңыз.
SIM картаңыздың қауіпсіздік
модуліндегі мәліметтерге рұқсат алу
үшін модульдік PIN коды қажет
болады. Сандық қолтаңба үшін
қолтаңба PIN коды қажет болуы
мүмкін. Тыйым салу кілтсөзі
қоңырауларға тыйым салу қызметін
пайдаланғанда қажет етіледі.
Телефоныңыздың қатынас кодтарын
және қауіпсіздік параметрлерін қалай
пайдаланатынын анықтау үшін
Мәзір
>
Параметрлер
>
Қауіпсіздік
пәрменін
таңдаңыз.
Басты бейнебет
Телефон пайдалануға дайын болғанда
және ешқандай таңбаларды
енгізбегеніңізде, телефон бастапқы
экранда болады.
Дисплей